Допинг үшін қылмыстық жауапқа тартылады

1073

Допинг үшін қылмыстық жауапқа тартылады

Елімізде допинг қолданған спортшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Тіпті спортшының өзі ғана емес, жаттықтырушыдан бастап дәрігер, кеңесшілер де заң алдында жауап береді. Мұндай заң жобасының тұжырымдамасы Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды. Сондай-ақ егер Халықаралық допингке қарсы ұйым қаннан тыйым салынған препаратты тапса, спортшы ұлттық құрамнан шығарылады. Оған қоса алған жүлдесі мен мемлекет берген барлық материалдық сыйақыларынан айырылады.

Серік Жарасбаев, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

"Өздеріңіз білетіндей олимпиада ойындарында жүлде алған спортшыға мемлекет тарапынан пәтер беріледі. Дәл осы пәтерге қатысты алдағы 10 жылға біршама өзгерістер енгізіп жатырмыз. Егер спортшы қандай да бір допинг қолданып ұсталса онда ақшалай алған сыйақы мен пәтер мемлекетке кері қайтарылады"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу