Допингке қарсы ұлттық орталық тыйым салынған препарат қолданған спортшыларды атады

1399

Қазіргі кезде 2018 жылы дисквалификацияланған спортшылардың саны - 30 адам.

Допингке қарсы ұлттық орталық тыйым салынған препарат қолданған спортшыларды атады

Қазақстанның  допингке қарсы ұлттық орталығы тыйым салынған препараттарды қолданған төрт спортшының есімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтемемен ҚазАқпарат. 

Александр Годованюк (су полосы)   2022 жылдың 1 тамызына дейін шеттетілді (оралтуринабол)

Абзал Әбілдашев (самбо) 2022 жылдың 24 шілдесіне дейін шеттетілді (дростанолон, метандиенон, тренболон, станозолол)

Азат Добаиев (самбо) 2020 жылдың 19 шілдесіне дейін шеттетілді (фуросемид)

Аслан Коригов (пауэрлифтинг) 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін шеттетілді (тестостерон)

Еске сала кетейік, Қазақстанның  допингке қарсы ұлттық орталығы осы жылдың қыркүйек айында тыйым салынған қоспаларды қолданғаны үшін шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жариялаған болатын. Ол тізімге жеті қазақстандық спортшы енген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу