Допингпен ұсталған спортшылар атағы мен пәтерінен айырылады

826

Заң жобасында допинг қолданған спортшыларды, бапкерлерді спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамынан шығарып тастау көзделген.

Допингпен ұсталған спортшылар атағы мен пәтерінен айырылады

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы парламент мәжілісінің қарауындағы заң жобасы аясында допинг пайдаланған спортшыларды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жоғарыда айтылғандарға қарай, қолданыстағы заңнамаға спортшыға допинг тағайындаған адамға қатысты допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Допинг пайдаланғаны үшін: жарыстан шеттету; ақшалай ынталандыруды қайтарып алу; спортшылар мен бапкерлерге өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемінен (спорттық зейнетақы) айыру; спорт түрлері бойынша ҚР құрама командасының мүшелерін олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерінен айыру ескерілген", – деді министр мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар допинг пайдаланғандарды спорттық атағынан айыру қарастырылып отырғанына тоқталған А. Мұхамедиұлы: "Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған тұрғын үйден айыру мәселесі ескеріліп отыр. Допингтің салдарынан спортшыларды, бапкерлерді спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамынан шығарып тастау көзделген. Сонымен бірге, заң жобасындағы маңызды жаңалық –  дене шынықтыру және спорт саласында демеушілік көмек көрсету саясатын іске асыратын Бірыңғай операторды құру болып отыр", –  деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу