50 мың тұрғыны бар Багама аралының 70% су астында қалды. Сұрапыл дауылдың салдары осындай, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Соңғы дерек бойынша, апаттан 7 адам қаза тапқан. Қатарында кішкентай сәби бар.
АҚШ-тың метеорологиялық қызметі Дориан дауылының санатын екінші деңгейге дейін төмендеткен болатын. Қызыл Крест Халықаралық комитетінің қызметкері Рафаэль Хэймой қазір гуманитарлық жағдайдың қолайсыз екенін айтты. Ол жақын арада апатты аймаққа жойқын дауылдан келген шығынды есептейтін және адамдарды қауіпсіз жерге көшіретін мамандардың жіберілетінін жеткізді.
Айта кететін жайт, "Дориан" дауылы Флорида жағалауынан шамамен 180 шақырым қашықтықта ойран салып жатыр. Ол солтүстік-батысқа қарай бағыт алған. Желдің жылдамдығы шамамен сағатына 175 шақырымға жеткен.
Табиғат Нұрболат