Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады. Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметінің дерегі бойынша, кей жерлерде сұрапыл дауылдың екпіні күшті. 200 мыңнан астам тұрғын үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған. Қос штаттың билігі тұрғындарды үйлерін тастап, басқа жерге уақытша көшуге шақыруда. Флорида мен Солтүстік Каролинада дауылдан 5 адам ажал құшқан.
Мамандардың болжамы бойынша, "Дориан" Канада жағалауына жеткен соң, бірінші категорияға дейін бәсеңдеп, арты жауын-шашынға ұласуы мүмкін. Қазір Багам аралдарында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік жақын арада табиғаттың тосын мінезінен келген шығын көлемін жариялайтынын айтты.
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, 50 мың тұрғыны бар Багама аралының 70%-ы су астында қалған.
Табиғат Нұрболат