Дос Көшім "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға кім түсетінін жариялады

1647

Бұл туралы бүгін "Ұлт тағдыры" қозғалысының Алматыда өткен құрылтайында белгілі болды.

Дос Көшім "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға кім түсетінін жариялады

Саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы бүгін "Ұлт тағдыры" қозғалысының Алматыда өткен құрылтайында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа облыстардан делегаттар жиналған. Күн тәртібінде кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну жайы қаралды.

Әміржан Қосанов – белгілі оппозициялық саясаткер. 9 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялағалы бері әлеуметтік желі қолданушылары Қосановты сайлауға түсуге шақырып келеді. Саясаткер бүгінге дейін өзінің нақты ресми шешімін жария етпеген болатын.

"Бүгін біз сайлауға қатысатынымызды жариялаймыз. Екіншіден, үміткер ретінде белгілі саясаткер, 20 жыл бойы саясатпен айналысып келе жатқан Әміржан Қосанов "Ұлт тағдыры" атынан сайлауға түседі",– деді "Ұлт тағдыры" қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері Дос Көшім.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу