"Дос-Мұқасан" ансамблінің гитарасы аукционда сатылды

632

Досым Сүлеев бұл гитарамен "Жан досым" әнін шығарған.  

"Дос-Мұқасан" ансамблінің гитарасы аукционда сатылды Фото: inform.kz

"Болашақ" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астанада қысқы қайырымдылық балының аясында өткен бәссаудаға өнер туындылары, антиквариаттар мен спорттық атрибутикалар қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Дос-Мұқасан" тобының гитарасы аукциондағы басты лотқа айналған. Ұйымдастырушыларға бұл аспапты "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаған Досым Сүлеев сыйға тартқан. Композитор әйгілі "Жан досым" әнін осы гитарада шығарған екен.

Гитарамен бірге "Дос-Мұқасан" тобының винилді пластинкаға жазылған алғашқы хит әндері де бәссаудаға қойылды. Бұл тарихи жәдігерлер 11 миллион теңгеге сатылған.

Қайырымдылық балынан түскен қаражат "Әр балаға лайықты мектеп" және "Жол жүру гранттары" әлеуметтік жобаларға жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу