"Дос-Мұқасанның" алғашқы жетекшісі Досым Сүлеевтің гитарасы қайырымдылық балындағы аукционға қойылмақ

847

  Өнерден ғылымға бет бұрған Досым Сүлеев өзінің 1974 жылғы гитарасын аукционға тапсырды.      

"Дос-Мұқасанның" алғашқы жетекшісі Досым Сүлеевтің гитарасы қайырымдылық балындағы аукционға қойылмақ Фото: inform.kz

"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаған әрі алғашқы жетекшісі болған Досым Сүлеевтің гитарасы 8 желтоқсан күні Елордада өтетін XIII қысқы қайырымдылық балында аукционға қойылады, деп жазады inbusiness.kz

"Болашақ" қайырымдылық қоры аукционнан түскен ақшаны аса ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсамақ.

Досым Сүлеевтің айтуынша, музыкалық аспапты студент кездерінде сатып алған.

Бұл гитарамен көпшілікке танымал "Жан досым" әнінің музыкасын жазған көрінеді. Сондай-ақ, ол "Той жыры", "Алматы түні", "Күт мені" және т.б. әндердің авторы.

Ансамбль мүшелері ол Ресейге оқуға аттанар кезде естелік ретінде бұл гитараны сыйлаған.

"Адам жастарға, балаларға және олардың болашағына мән бермесе, онда оның ақылы жоқ. Егер де балаларға аяушылық танытпаса, онда жүрегі жоқ деген сөз. Сол себепті де осы шараға қатысып отырмын. Ансамбльдің алғашқы жетекшісі ретінде топ атынан біз үшін құнды жәдігерге айналған заттарды тапсырғым келеді", - деді Досым Сүлеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу