"Дос-Мұқасанның" саксофоншысы қайтыс болды

1045

Хамит Санбаев 78-ге қараған шағында ауырып көз жұмды.

"Дос-Мұқасанның" саксофоншысы қайтыс болды

Қаралы хабарды өнер жанашырлары Instagram желісі арқылы елге жеткізіп жатыр. Ал саксафоншының ұлы Жанат Санбаев әкесінің инсульттен көз жұмғанын жазды.  Оның айтуынша, әйгілі музыканттың бұрыннан бүйрегі ауырып жүрген.

Хамит Санбаев – "Дос-Мұқасан" ұжымының бастауында тұрған 4 адамның бірі. Топтың аты Досым Сүлеев, Мұрат Құсйынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов төрттігінің есімдерінің алғашқы буындарынан алынған.

Хамит Санбаев 1967 жылы топты құруға қатысып, музыкалық аспаптармен жабдықтап, алғашқы 5 жыл жылда саксафоншы ретінде сахнаға шығып жүрген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу