Досаев: "2025 жылдың соңына дейін Алматыда дизельмен жүретін бірде-бір автобус болмайды"

Мегаполисте "жасыл дәліздер" тұжырымдамасы іске асырылады.  

Досаев: "2025 жылдың соңына дейін Алматыда дизельмен жүретін бірде-бір автобус болмайды" Фото: time.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардвң бірі барлық жаңа көпқабатты құрылысты Gate City-ге көшіруді, яғни қаланың экологиясына жүктемені азайтып, Алматыда аз қабатты үйлерді ғана қалдыруды ұсынды.

"Экология бойынша айтар болсам, кеше Президент бізді "жасыл дәліздер"мәселесі бойынша қолдады. Яғни, қаланы өзендер мен көшелер бойымен көгалдандыру, экологиялық көлік түрлеріне көшу туралы тапсырма берді. 2025 жылдың соңына дейін бізде дизельмен жүретін бірде-бір автобус болмайды. Біз сондай-ақ "жел екпіні" деп аталатын мәселелерді шешеміз. Қазір мәселенің оңтайлы шешімін табу үшін институттар мен ғалымдарды тартудамыз. Бірақ ең бастысы, егер тиімді экологиялық көлік болса және жылыту маусымында біз көмірден және қатты отынның басқа түрлерінен арылсақ, онда қаладағы жағдайды алдағы үш жылда жақсартамыз деп ойлаймын", – деді қала әкімі.

Алматыда "жасыл дәліздерді" құру жөніндегі іс-шаралар жоспары Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірленуде. Осы бастамалар аясында жалпыға қолжетімді жасыл кеңістіктердің үздіксіз тізбегін қалыптастыру, сондай-ақ Алматы агломерациясының аумағындағы өзендер мен каналдар арналары бойындағы көгалдандырылған аумақтарды ұлғайту жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу