Мұндай шешімді қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Тиісті сауалды Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі қойды. Алматы әкімі бұл мәселе соңғы сатыда деп жауап берді.
"Мен екі вокзалды да ҚТЖ-ға қайтару туралы шешім қабылдадым. Бір кездері оларды бір себептермен алып кеткен еді. Бұл - инфрақұрылымның бір бөлігі. Қажетті қаражатты салу қажет", - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, екі вокзал өте маңызды көлік инфрақұрылымы жүйесіне жатады. Сондықтан Алматы-1 стансасы маңындағы аумақты ретке келтіру маңызды.
"Ол жерде автотұрақ ретінде пайдалануға болатын жеке аумақ бар. Мен жер қатынастары бөліміне оны қарауды тапсырдым. Мүмкін біз бұл аумақты көптеген көліктерден босату үшін көп деңгейлі автотұрақтар сала аламыз", -деді ол.