"Мектеп, балабақша орналасқан Магнитная көшесі бойымен бір ғана №74 автобус жүреді, тағы бір бағыт қосуға бола ма?" деп сұрады аудан тұрғындарының бірі.
"Жылжымалы құрамды жаңартып жатырмыз. 300 автобус сатып аламыз. Бұл учаскені интервал бойынша өлшейміз. Қажет болса, маршрутқа автобустар қосамыз", - деді Ерболат Досаев.
Қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан №74 бағыт кесте бойынша жүретінін айтты.
"Тасымалдаушы – "Алматыэлектротранс", 10 жылжымалы құрам қозғалысты толығымен қамтиды. Қозғалыс аралығы - 12-15 минут", - деді Ернұр Әбжахан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу