Досаев алматылықтарға Қазақстан Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

340

Марапатталғандардың қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері мен түрлі сала өкілдері бар. 

Досаев алматылықтарға Қазақстан Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Республика күніне орай Алматы әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 75 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

  • 1-дәрежелі "Барыс" орденін Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты" ЖШС директоры Герой Жолтаев алды, ал Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы композитор Эльмира Дехганиге берілді.
  • 2-дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "Алматыэлектротранс" ЖШС автобус жүргізушісі Әкімжан Жұмабаев марапатталды.

Сонымен қатар, "Парасат", "Құрмет", 3-дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендері, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медальдары табысталды. Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу