"Алматы қаласын дамыту бағдарламасында мәслихат қолдаған ауқымды жоспарларымыз бар. Жыл сайын кем дегенде 30 тұрақты іс-шараны өткіземіз деп келістік. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, "Азия дауысы" және басқа да тарихи қалыптасқан музыкалық фестивальдер мен іс-шараларды жандандыру жоспарда бар", – деді Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Әкімнің айтуынша Димаш Құдайбергеннің орталық стадионда өткен концерті соңғы 25 жылда өткізілген алғашқы кеш.
"Ол жақсы өтті. Біз тау фестивалін қайта өткізгіміз келеді", – деді Досаев.
Еске сала кетсек, "Азия дауысы" фестивалі 1990 жылдан бері 15 рет өтті. Алайда 2005 жылдан бері ауқымды кеш ұйымдастырылмай келеді.