Досаев тау бөктеріндегі құрылысқа бақылауды күшейтетінін айтты

287

Шаһар басшысы қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтып, жақындарына қандай қолдау көрсетілетінін жеткізді. 

Досаев тау бөктеріндегі құрылысқа бақылауды күшейтетінін айтты Фото: inbusiness.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ең алдымен "Тау Самалы" шағын ауданындағы лай көшкіні туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тау Самалы" шағын ауданында қаза тапқан отбасының қаржылық міндеттемесі өтеледі. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру мен еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмек көрсетеді. Бұл отбасының шетелде оқитын үлкен ұлы Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сонымен қатар, ата-анасының қаржылық міндеттемесін шешуге жәрдемдеседі", - деді Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және "Тау Самалы" шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін ерекше атады.

Мәселен, 2022 жылдың маусым айында мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлердегі құрылысқа тыйым салуды ұсынып, қолдаған болатын.

"Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-уі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда", - деді Ерболат Досаев.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазір Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талабы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу