Досаевпен кездесуде әйел есінен танып қалды

856

Оның айтуынша, баспанасын заңсыз жолмен тартып алып жатыр.

Досаевпен кездесуде әйел есінен танып қалды Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев пен Әуезов ауданы тұрғындарының кездесуі өтті. Кездесуде қала тұрғыны есінен танып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел қала әкіміне өзінің жалғыз үйінен қуылып жатқанын айтып, баспана мәселесіне қатысты көмек сұраған.

Оның айтуынша, баспанасын заңсыз жолмен тартып алып жатыр.

Алматы әкімі Досаев әйелге отбасына көмектесуге уәде беріп, қала құрылысын бақылау департаменті, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшыларына тиісті тапсырма берді.

Ал, алматылық әйел қолында мүгедек баласымен үйінен қуып жатқандықтан, күтуге уақыт жоқ екенін айтты.

Досаев, сот орындаушыларына қатысты Әділет департаментіне тапсырма беретінін, қолынан келгенше жағдайды анықтайтынын айтты. 

Алайда әйел бұл әңгімеден кейін өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу