Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
- Ол өзінің мансабын 2007 жылы Қарағанды облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарушы болып бастаған.
- 2007-2008 жж - Қарағанды қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспекторының маманы.
- 2008-2012 - бас маман – Қарағанды облысы Нұра ауданының экология жөніндегі уәкілетті инспекторы.
- 2016-2017 жж - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы.
- 2017-2019 - су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау департаментінің бас маманы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары.
- 2019-2021 - басшының орынбасары; Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының басшысы.
- 2021 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу