"Досболlike" бағдарламасын апробациялауға 70 мыңға жуық оқушы қатысуда

193

Олардың қатарында еліміздің 9 өңірінен 70 мыңнан астам оқушы мен 5300 педагог бар. 

"Досболlike" бағдарламасын апробациялауға 70 мыңға жуық оқушы қатысуда Фото: 169 мектеп

Биылғы жылдың наурыз айынан бастап еліміздің 50 мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігімен әзірленген "Досболlike" антибуллингтік бағдарламасын апробациялау басталды. 

"Бұл бағдарлама білім алушылардың конфликтілі жағдайларға сындарлы әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға, балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сәтті апробациядан кейін "Досболlike" бағдарламасын бүкіл ел аумағында тарату жоспарланып отыр. Бұл оқытудың қауіпсіз ортасын құру үшін маңызды қадам, онда әрбір бала неғұрлым сенімді, эмоционалды тұрақты және басқалармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға дайын бола алады", - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, апробация аясында республика бойынша педагогтерді оқыту және әдістемелік қолдау, мектеп әкімшілігі үшін түрлі семинарлар, тренингтер өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу