Досмұхамбетов сұйытылған газға байланысты олқылық жібергендерді сынға алды

1097

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен сұйытылған газ мәселесіне байланысты жедел отырыс өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.  

Досмұхамбетов сұйытылған газға байланысты олқылық жібергендерді сынға алды

Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті саланың басқарма басшылары қатысты. Аймақ  басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі соңғы күндері автокөліктерге қажет сұйытылған газ тапшылығының туындауына қатысты жауапты тұлғалардың салғырттығы мен шабандығын қатаң сынға алды. "Жауапты басқарма басшылары мәселені дер кезінде шешпей, ушығуына  жол беріп отырсыздар. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мен салалық Энергетика министрлігімен тығыз байланыс жасап, мәселені созбақтамай реттегенде мұндай жағдай болмас еді. Осы олқылыққа қатысты тікелей жауапты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады",- деген облыс басшысы орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына Энергетика министрлігімен тығыз байланыста болып, мәселені жылдам шешуді тапсырды.

Аталған проблеманы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасысы басшысының орынбасары Данияр Мұқышев "ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпан айында наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған мұнай газын беру туралы кесте жіберген болатын. Алайда "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан тиісті сұйытылған газды бере алмай отыр",-деді. Ол сонымен қатар зауыт жөндеу жұмыстарын наурыз айының орталарында аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.

Мәселені реттеу үшін өңірде сұйытылған мұнай газын өндірудің уақытша төмендеуіне байланысты қажетті газды алу үшін ҚР Энергетика министрлігіне тиісті хат жолданған. 

  Қазіргі уақытта өзге компаниялардан наурыз айына қажетті 4500 тонна тонна газды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша сұйытылған мұнай газымен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады.

Жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жағдай толық түзелгенше бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу