"Достық – Алашанькоу" бойынша пойыздар санын арттыру келісілді

1686

Аталған келісім пойыздардың өткізу пунктерін кесіп өткен кезіндегі, соның ішінде ҚР аумағы арқылы транзитпен, атап айтқанда Азия елдерінен Еуропаға және Орталық Азияға барлық кедергілерді жоюға бағытталған.

"Достық – Алашанькоу" бойынша пойыздар санын арттыру келісілді

ҚР мен ҚХР арасында темржол көлігімен жоспарланған 15 млн тоннаның орнына 16 млн тонна жүк тасымалданатын болады. Осылайша, бұрын 2019 жылға келісілген жүк тасымалдау жоспары бір миллион тоннаға артығымен орындалмақ, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.  

Бұл ретте Қазақстаннан Қытайға 10 млн тонна жүк жөнелтілген, ал Қытайдан Қазақстанға – 6 млн тонна.

Сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "Қытай темір жолдары" корпорациясы "Достық – Алашанькоу" шекаралық өткелі бойынша өткізілетін пойыздар санын рекордтық арттыру туралы уағдаласты. Енді Алашанькоу станциясы кең табанды жол бойынша 14 пойыз, ал Достық станциясы тар табанды жол бойынша тәулігіне 12 пойыз қабылдайды. Бұрын, осы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш тиісінше тәулігіне 12 және 8 пойыз болатын.

"Аталған келісім пойыздардың өткізу пунктерін кесіп өткен кезіндегі, соның ішінде ҚР аумағы арқылы транзитпен, атап айтқанда Азия елдерінен Еуропаға және Орталық Азияға барлық кедергілерді жоюға бағытталған", – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу