"Достық–Бескөл" бағыты бойынша қозғалыс ашылады

180

Аталған бағыт "Достық–Мойынты" жобасының бір бөлігі саналады. 

"Достық–Бескөл" бағыты бойынша қозғалыс ашылады Фото: gov.kz

Қазақстанда наурыз айының соңына дейін "Достық–Бескөл" станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін 127 шақырымдық "Балқаш–Мойынты" учаскесінде қозғалыс іске қосылды.

Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы  транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын "Достық–Мойынты" теміржол жобасының  толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу