Достық мемлекетаралық каналы арқылы елімізге жіберілетін су мөлшері белгіленді

692

Биыл Достық мемлекетаралық каналы арқылы елімізге жіберілетін су мөлшері 452 млн текше метр шамасында белгіленді.  

Достық мемлекетаралық каналы арқылы елімізге жіберілетін су мөлшері белгіленді Фото: wrm.kz

Сәуірден бастап жаңа келісімдер болады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Ал Шардараға 10 млрд 700 миллион текше метрден астам тіршілік нәрі жинақталады. Орталық Азия елдері Сырдария мен Әмударияға қатысты ортақ норманы бекітті. Гидрологтардың айтуынша, Сырдария бассейнінде экологиялық ахуал қолайлы. Таудағы жауын-шашын мөлшері көп. Қар әдеттегіден қалың. Сондықтан көктемге қарай тіршілік нәрі мол болуға тиіс.

"Тоқтағұлда да су деңгейі жоғары", - дейді мамандар.

"Алдымыздағы вегетация кезеңі барысында су тапшылығын алдын алу мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан Қырғыз Республикасынан су мен электр қуатын айырбастау жүйесі бойынша жұмыс атқаруда. Бүгінгі күннің мәліметі бойынша Қазақстандағы Шардара су қоймасында 4 млрд 70 млн текше метр су жинақталған. Қазіргі уақытта Тоқтағұл су қоймасында шамамен 10 млрд 700 млн текше метр су жиналған", - дейді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Мереке Иманғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу