"Достық – Мойынты" құрылысында бір мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр

435

ҚТЖ басшылығы "Достық – Мойынты" теміржол учаскесінде екінші жолдардың салыну барысын тексерді.

"Достық – Мойынты" құрылысында бір мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр Фото: ҚТЖ

"Достық – Мойынты" құрылысына 520 астам техника мен 1000 жуық адам тартылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы орындау бойынша міндеттер белгіленді. Ұзындығы 836 км екінші жолдарды салу мерзімі мен сапасының сақталуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

"Бүгінгі таңда учаскенің 70% – белсенді құрылыс кезеңінде. Аралықтарда бір мезгілде жер төсемі төгіліп, көпірлер салынуда, су өткізетін құбырлар қойылып, жоғары вольтты желілерге арналған тіректер орнатылуда. 255 км рельсті шпал торы жиналды, олар жер төсемі дайын болған кезде екінші жолға қойылады", - делінген хабарламада.

Қазір арнайы техника көмегімен Бүйрек, Көкдомбақ, Ақжайдақ, Ащыөзек, Жайпақ, Ақши және т. б. станцияларда екінші жолдың 85 км және 18 бағыттамалық бұрмаларды төсеу аяқталды.

Нысанда 1000 жуық жұмысшы жұмыс істейді және 520 астам түрлі техника жұмылдырылған.

Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша жолдарды ашу есебінен Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілеті бес есеге артады. Бұл отандық өнімнің үздіксіз экспортын және Қытай – Еуропа – Қытай жүктерінің транзитін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу