Достық – Мойынты теміржол учаскесі: құрылыс кесте бойынша жүріп жатыр

568

Сәуір айында құрылысшылар желінің тағы 8 учаскесіне үйінділер төккен.

Достық – Мойынты теміржол учаскесі: құрылыс кесте бойынша жүріп жатыр Фото: SN.kz

"Қазақстан Теміржолы" ұлттық компаниясы Достық – Мойынты арасындағы жол құрылысының кесте бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу Мемлекет басшысының отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі алға қойған міндеттерін орындау шеңберінде маңызға ие. Ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру учаске теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді (тәулігіне 12-ден 60 жұп жүк пойызына дейін)", - деп жазды компаниядан.

Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолдарының құрылысы басталған сәттен бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ 6 аралықта жер жұмыстарын жүргізді. Сәуір айында құрылысшылар желінің тағы 8 учаскесіне: Тағынқара – Саяқ, Жайпақ – Ақши, Ақши – Көктума және т. б. үйінділерді төгуге кірісті.

"Достық-Мойынты учаскесінде ұзындығы 836 км болатын екінші жолдарды салу кезінде шамамен 19,4 млн. текше метр топырақ төгіліп, 108 мың тонна рельс, 1538 темірбетон шпал жинағы төселетін болады. 394 жасанды құрылыс салу және 898 км сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу көзделген.

Жұмыстарды орындау үшін Жарық, Үштөбе, Ақтоғай, Орта Дересін, Сарықұм, Ащыөзек, Жақсыбұлақ, Бескөл станцияларында өндірістік базалар ұйымдастырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу