"Достық-Мойынты" теміржол учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Учаскелерде 21 мердігер ұйым, 1000 астам адам жұмыс істеуде.

"Достық-Мойынты" теміржол учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр Фото: inbusiness.kz

"Достық – Мойынты" теміржол учаскесін кеңейту үшін екінші жолдар құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz. 

Ұзындығы 836 шақырым болатын екінші желіні төсеу үшін 7 млн текше метрден астам жер төсемі төгілуі керек. Қазіргі уақытта 633 шақырымда жұмыс жүргізілуде. Жер төсемін жасау үшін 514 бірлік техника жұмылдырылды. Учаскелерде 21 мердігер ұйым, 1000 астам адам жұмыс істеуде.

"Жер негізі дайын болғаннан кейін екінші жол салынады. Бүгінде жолдың жоғарғы құрылысын салу "Мойынты – Бүйрек", "Бүйрек – Сарықұм", "Сарықұм – Көкдомбақ", "Ақжайдақ – Ащыөзек", "Саяқ – 1рзд", "Көкдомбақ – Балқаш1" аралықтарында жүргізілуде. 161,7 шақырым рельсті шпалды тор тігілді", – деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 

"Достық – Мойынты" учаскесіндегі екінші жолдар құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу