Достық станциясында терминал құрылысы басталады

937

"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "Dostyk БКТ" ЖШС ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.  

Достық станциясында терминал құрылысы басталады

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Dostyk БКТ" ЖШС арасында Достық станциясында терминал құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Бұл "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның Достық станциясын дамыту және Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту шеңберіндегі екінші жобасы. Ол Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін негізгі тізбек саналады.

Терминалды 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бастапқы кезеңде оның қуаты жылына 150 мыңға дейін контейнер жөнелтуге мүмкіндік береді. Жүк айналымының өсімі бойынша терминал мүмкіндігі жылына 200 мың контейнерге дейін арттырылатын болады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Қазақстан аумағы арқылы Еуропа – Азия бағытында трансқұрлықтық транзиттік жүк ағынын тарту үшін Достық станциясын дамытуға жіті назар аударуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу