Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

731

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды Фото: gov.kz

ҚР Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде Ақмола облысы әкімінің өкімімен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Досұлан Ерланұлы Айтбаев 1985 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастады.

2008-2010 жылдары Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасында жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде қызмет етті.

2013-2016 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Жастар істері комитетінде әртүрлі жауапты қызметтерді атқарды.

2016-2020 жылдары Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінің референті, консультанты, инспекторы кейін сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу