"Досы бір сәтте жауына айналды": Гүлзира Айдарбекова жылап қалды

4121

Әншінің анасы желіде жан сырын ақтарып, мән-жайды айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Досы бір сәтте жауына айналды": Гүлзира Айдарбекова жылап қалды Фото: Бейнежазбадан

"Түске дейін, анасы қандай күйде деп мазалауға ыңғайсыздық танытып, сіздердің де жүректеріңіз тыным бермей, түс ауа қоңыраулар мен хабарламалар еш тоқтаған жоқ. Иә, бәріне хайп табылып, бірі "сауап болды" деп күлкіге қарық болып, жандары рахаттанып ойларына келгенін жазса, 90 пайыз халық жанашырлықпен жүректері жылап жатты. Алғашында "түннен аман шығамын ба? Жоқ па" дедім рас. Құр сүлдем қалғандай, жанарым бір нүктеге қадалып, ұзақ отырды. Ішім өртенді, күйдім-жандым рас. Жолдасымның, бала-шаға, ағайын, достарымның уайымы ұлымнан бұрын мен болғанымды да сезіндім. Болмаған соң Нүрекең телефон соғып, ұрыса бастады."Елдің балаларында оданда ауыр сынақ болып жатқандары бар, ер азамат болған соң басынан бәрі өтеді, еңсеңді көтер, сен мықты болуың керек" деді. Қазір бәрін ойлап, ойым жан-жаққа шашыраңқы болып тұрғаны рас. Сонда да болса, ұлымның сот процесі басталысымен көмекшісіне қарап, мамам жыламасыншы деп ымдап түсіндіріп жатқанын көріп, көзімнің жасына ерік бердім, бірақ ұлыма көрсетпедім", - деп ағынан жарылды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу