"Досымен бәстескен": Тобыл өзеніне 15 жастағы жасөспірім батып кетті

935

Оқиға жергілікті тұрғындар арасында “Скалки” деп аталатын аумақта болған.

"Досымен бәстескен": Тобыл өзеніне 15 жастағы жасөспірім батып кетті Фото: Пан Степан

Қостанай облысы, Лисаковск қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға болған күні кәмелетке толмағандар тобы су айдынының жанында болған және болжам бойынша, жасөспірім жүзуді нашар білсе де, бәстесіп суға секірген.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі баланың қаза тапқанын растады.

“Лисаковск қаласында Тобыл өзенінде 2011 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен”, – деді ТЖ жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Инеш Какимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу