Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьялары болып тағайындалды

867

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір мен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев Жоғарғы соттың судьясы болып тағындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышев  Жоғарғы сот судьялары болып тағайындалды

"Мемлекет басшысы Әмір Досжан Сарманқұлұлы, Нұрышев Қамбар Жұмабайұлын Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді", – деді Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот кеңесінің өкілі Денис Шипп.  

Оның айтуынша, өкілдік еткен тұлғалардың 33 жылдан астам тәжірибесі бар. 

"Аталған судьялар өз саласының білікті мамандары, облыстық соттарға басшылық етті. Олар сот жүйесінде беделге ие және Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын", – деп түйіндеді Денис Шипп. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу