Dow Jones индексі өсіп, Nasdaq төмендеді

484

Нарықтағылардың назары қазір коронавирусқа қарсы вакцинада. 

Dow Jones индексі өсіп, Nasdaq төмендеді

11 қарашада өнеркәсіптік және энергетикалық компаниялардың акцияларының бағасы көтерілгеннен кейін Dow Jones индексі өсті. Яғни индекс 0,9%-ға немесе 262,95 пунктке артып, 29 420,92 пунктке жетті. 

Ал Nasdaq 159,53 пунктке немесе 1,4%-ға төмендеп, 11 553,86 пункт болды. Ескере кететін жайт, акциялардың өсуіне түрткі болып келген ірі технологиялық компаниялардың акциялары осымен екінші сессия қатарынан арзандап жатыр. S&P500 индексі 4,97 пунктке кеміп, 3 545,53-ке тірелді.  

Еске сала кетсек, 10 қарашада Токиодағы қор биржасының негізгі индекстері 1,5%-ға өскен болатын. Бұған Германияның BioNtech деп аталатын компаниясы мен оның америкалық серіктесі Pfizer-дің коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеу туралы өтінімді АҚШ-қа жіберуі себеп болды. Осы жаңалықтан кейін инвесторлар пандемиядан қатты зардап шеккен әуе компанияларының, бөлшектік сатушылардың, аймақтық банктердің акцияларын сатып ала бастады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу