Дрондардың көмегімен жол ережесін бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды

183

Бүгінде дрондар полиция қызметкерлеріне жолдағы жағдайды бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және ақпаратты әуеден жедел алуға көмектеседі.  

Дрондардың көмегімен жол ережесін бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды Фото: polisia.kz

Қазақстанда 2026 жылдың сегіз айында дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұшқышсыз авиациялық жүйелер полицияға жолдағы жағдайды бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және ақпаратты әуеден жедел алуға мүмкіндік береді.

Дрондар арқылы анықталған заң бұзушылықтардың ішінде қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 3 198, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 055 және қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1 678 фактісі бар.

Сонымен қатар сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 1 481, маневр жасау талаптарын сақтамаудың 1 207, басып озу қағидаларын бұзудың 771 және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқарудың 87 фактісі анықталған.

Тағы 9 мыңнан астам дерек жол қозғалысы ережелерінің өзге де бұзушылықтарына қатысты.

ІІМ ұшқышсыз технологиялар полицияның мүмкіндіктерін кеңейтіп, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу