Ауғанстан азаматтары дрон арқылы Әмудария өзенімен Өзбекстан аумағына есірткі өткізбек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, шекара қызметі мен ішкі істер органдарының қызметкерлері заңсыз әрекеттің жолын кесті.
Операция барысында дронға бекітілген салмағы 2 келіден асатын апиын тәркіленді.
Айта кетейік, биылғы алғашқы екі айдың өзінде Өзбекстанда сегіз есірткі зертханасы анықталған. Ал өткен жылы ел кеденшілері 2,8 тоннадан астам есірткі мен психотроптық заттарды тәркілеген.
Сонымен қатар, соңғы бес жылда Өзбекстанда тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 80 есеге артқан.