"Дропперлерден" заңсыз иеленген қаражаттар өндірілді

142

Қазіргі уақытта қылмыскерлердің "дропперлерді" қылмыстық мақсатта пайдаланатын алаяқтық фактілері жиіледі.  

"Дропперлерден" заңсыз иеленген қаражаттар өндірілді Фото: Банки.ру

Негізгі схемаларға "дропперлер" заңсыз жолмен алынған ақшаны алаяқтарға өз шоттары арқылы аударады немесе банк карталарын береді, осылайша нағыз қылмыскерлердің іздері жасырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Прокуратураның үйлестіруімен полиция органдары жәбірленушілерге Азаматтық кодекстің 953-бабына сәйкес "дропперлерден" негізсіз баюға байланысты алынған ақша қаражатын өндіріп алу механизмін түсіндіруде.

Мысалы, алаяқтар алдау арқылы жәбірленушінің 26 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.

Оның 15,4 млн теңге сомасындағы бір бөлігі "дроппердің" шотына аударылғаны анықталды.

Жәбірленуші Азаматтық кодекстің 953-бабы тәртібінде негізсіз байлықты "дропперден" өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот қарауының нәтижесі бойынша жәбірленушінің талап-арызы қанағаттандырылды.

Өткен жылы облыста сот 69 млн теңге сомасына 42 талап-арызды қанағаттандырды.

Ағымдағы жылы сот 28,3 млн теңге сомасына 13 талап-арызды қанағаттандырды.

"Дропперлердің" алаяқтыққа қатысы бар екені анықталса, олар сыбайлас ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Ұлытау облысының прокуратурасы азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу