ДСМ: 30 науқастың жағдайы аса ауыр

819

Коронавирустық инфекциямен ауырғандар туралы бүгінге ақпарат.

ДСМ: 30 науқастың жағдайы аса ауыр

Елімізде қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 973 адам ем қабылдауда. Олардың 29-ы бала. 3 527 науқас стационарларда, 446 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

"Жалпы науқастардың арасында 195 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ведомство хабарламасында.

Шұғыл штаб өткен тәулікте 472 адамның коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлады.

Аймақтар бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы - 9
Алматы қаласы - 179
Шымкент қаласы - 56
Ақмола облысы - 7
Алматы облысы - 7
Атырау облысы - 3
Шығыс Қазақстан облысы - 64
Батыс Қазақстан облысы - 33
Қарағанды облысы - 4
Қостанай облысы - 17
Павлодар облысы - 8
Солтүстік Қазақстан облысы - 34
Түркістан облысы - 51

Еліміз бойынша бүгінге дейін індет жұқтырғандардың 97371-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу