ДСМ: 458 бала коронавирустан ем қабылдап жатыр

549

Денсаулық сақтау министрлігінің 16.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

ДСМ: 458 бала коронавирустан ем қабылдап жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирустың тағы 588 жағдайы тіркелді. Осылайша 121051 адам еліміз бойынша вирус жұқтырып, оның бүгінде 109944-і жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу