"23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 863 адам короновирус инфекциясынан (12 989 КВИ+ және 11 874 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 239 адамның жағдайы ауыр, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр, 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-ның бүгінгі хабарламасында.
Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте 733 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Осылайша елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері вирусты 148708 адам жұқтырған. Оның 133510-ы жазылып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу