"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-ның бүгінгі хабарламасында.
Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирустың тағы 716 жағдайы тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу