ДСМ: 9 айда 342 мыңға жуық бала дүниеге келді

1047

Бүгін Халықаралық бала құқықтарын қорғау күні.  

ДСМ: 9 айда 342 мыңға жуық бала дүниеге келді

Жедел деректерге сәйкес республикада 2021 жылдың 9 айында 341 854 бала дүниеге келді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде туылғанға қарағанда 21 552 балаға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше биыл аурулар мен даму бұзылыстарын уақытылы анықтау үшін профилактикалық тексерулермен 3,2 млн бала қамтылған. Ерте жастағы балаларды күту мәселелері бойынша кеңес беру үшін 600-ден астам баланы дамыту кабинеттері ұйымдастырылған.

Сондай-ақ жаңа туған нәрестелердегі ретинопатияны анықтау үшін офтальмологиялық скрининг, аудиологиялық скрининг және ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингі енгізіліп, 17 жасқа дейінгі балаларды жыл сайын профилактикалық тексеру жүргізілген.

"ДДҰ ұсынған тиімді перинаталдық технологияларды, реанимацияның заманауи әдістерін іске асырудың арқасында шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін артты. Жаңа технологиялар мен заманауи диагностикалық және емдік аппаратураларды, өкпе тінінің жетілуіне арналған дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды емдеу әдістері енгізілді.

Балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында республикада тиімді перинаталдық технологиялар, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу және халықаралық ұсынымдар бойынша ерте жастағы балаларға патронаждық қараудың әмбебап-прогрессивтік моделі қолданылады", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу