ДСМ: 967 бала коронавирустан емделіп жатыр

639

Денсаулық сақтау министрлігінің 2.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

ДСМ: 967 бала коронавирустан емделіп жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 707 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 967 бала бар. Стационарларда 3 492 науқас жатыр. 10 215 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 223 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп хабарлады ДСМ бүгін.

Айта кетсек, елімізде COVID-19 жұқтырғандар қатарына өткен тәулікте тағы 770 адам қосылды. Осылайша індет басталғалы коронавирус жұқтырған барлығы 133 118 адам тіркеліп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу