ДСМ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын әзірледі

444

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

ДСМ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын әзірледі Фото: GOV.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау субъектілері, яғни денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.

"Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді мынадай денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді:

  1. амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
  2. стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
  3.  қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары;
  4. паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдар;
  5. адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан инфекциясы алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің бұл тізімі толық емес", - делінген құжатта.

ДСМ мәліметінше, арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері көрсетеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды:

  1. консультация беру (жеке және топтық);
  2. патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу;
  3. "сенім телефоны" бойынша көмек көрсету;
  4. қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.
  5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге:
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру, басқа азаматтармен бірге қоғам өміріне қатысудың тең мүмкіндігін туғызу мақсатында өз денсаулығына өздерінің жауапкершілігін арттыру арқылы жақындарымен қоса пациенттердің өздерін белсенді қатыстырып, медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамды (отбасын) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу әрі қоғамда оңалту мақсатында психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, психодиагностика, түзету жұмыстарын жүргізу, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету арқылы әлеуметтік-психологиялық қолдауды көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
  • физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамды (отбасын) педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) тиісті деңгейде өмір сүруін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
  • денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер көрсету мен құқық мәселелері бойынша құқықтық ағартуды, ақпараттық-құқықтық көмек көрсетуді, консультация беруді және әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлеуметтік-құқықтық қызметтер;
  • жеке мұқтаждықтан туындайтын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;
  • бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамды (отбасыны) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер кіреді.

Құжатты көпшілік талқылау 2 маусымға дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу