ДСМ "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады

854

Жобаға барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, ауыл халқына уақтылы шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметін арттыру міндеті қойылған.

ДСМ "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады

Ведоство Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасын әзірленіп жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Пилоттық жоба екі міндетті қамтиды:
1-міндет – медициналық пункт, ФАП, дәрігерлік амбулатория сияқты жетіспейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
2-міндет – қазіргі заманғы көп бейінді орталық ауданаралық ауруханаларды ұйымдастыру арқылы ауыл халқына уақтылы шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметін арттыру.

Бірінші міндетке келер болсақ, 655 нысанды салудың арқасында шамамен 1 миллиондай ауыл тұрғынын бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен қосымша қамту, ауыл халқына медициналық көмекті жақындату, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасына қанағаттану көрсеткішін арттыру, МСАК қолжетімділігін арттыру (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау), уақтылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың алдын алу сияқты жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі күтілуде.

Ал екінші міндет бойынша, яғни қазіргі заманғы көп бейінді ауруханаларды ұйымдастырудың арқасында "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, ауыл халқына инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді (инфаркт, инсульт және т. б.) 20%  төмендету, ірі қалаларға әуре етпестен  халыққа мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, 4 млн астам ауыл тұрғынын жоғары технологиялық көмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігі күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу