ДСМ Ажар Ғинияттың видеосына қатысты түсініктеме берді

484

Министрліктің хабарлауынша, мәлімет контексттен үзіп алынған.

ДСМ Ажар Ғинияттың видеосына қатысты түсініктеме берді Фото: ratel.kz

Әлеуметтік желіде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың "соңғы 4 айда елімізде тоғыз жарым мың адам COVID-19 жұқтырған" деп айтқаны тарап жатыр, деп жазады inbusiness.kz stopfake.kz порталына сілтеме жасап. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің айтуынша, әлеуметтік желілердегі видео Денсаулық сақтау министрі айтқан ақпараттың бастапқы мағынасын бұрмалау үшін қолданылып жатыр. 

"Сондықтан КВИ-мен сырқаттанушылық статистикасы келтірілген арандатушылық видеоны одан әрі таратпауларыңызды сұраймыз. Нақтырақ айтқанда, министр 9,5 мың адам туралы айтқан. 2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда 9086 КВИ+ жағдайы және 435 коронавирустық пневмония жағдайы тіркелді, бұл 9,5 мың науқасты құрайды. Министр эпидемиологиялық мониторингке, сырқаттанушылық статистикасына және науқастарды емдеуге байланысты барлық мәселелерді тұрақты бақылауында ұстайды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу