"Ойыл-Қиыл-Жем-Сағыз" шығармашылық жобасы жасалды

1861

 Өңір проблемасын оң шешуге журналистер де атсалыспақ 

"Ойыл-Қиыл-Жем-Сағыз" шығармашылық жобасы жасалды

Атырау мен Ақтөбе облыстары "Ойыл-Қиыл-Жем-Сағыз" атты экологиялық тақырыптағы бірлескен шығармашылық зерттеу жобасын қолға алды. Алдағы уақытта екі аймаққа ортақ су көздеріне қатысты проблемалар облыстық басылымдарда тұрақты көтеріліп, талқыға түсіп тұрмақ.

Аталған жоба аясында "Атырау-Ақпарат" және "Ақтөбе медиа" ЖШС-тері арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасақталып, оған серіктестік басшылары Ысқақ Егембердиев пен Раукен Отыншин қол қойды. 

"Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз – екі аймаққа ортақ өзендер. Соңғы бірнеше жылда олардың жағдайы мәз емес, құрып кету қаупі төніп тұр деуге болады. Ақтөбе облысының аумағындағы өзендер әзірге қатты тартыла қоймаған, ал біздің Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарында орналасқан су көздерінің жайы алаңдатарлықтай болып тұр. Біз бұл мәселені шешу жолдарын басылым беттерінде қоғам белсенділерін, гидрогеолог мамандарды тарта отырып, басылым беттерінде көтеріп отырмақпыз. Келешекте арнайы экспедициялар ұйымдастырылуы мүмкін", - дейді идея авторы, "Атырау" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, документалист Назарбек Қосшиев. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу