Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметшісі болып жұмыс істеген Диас Ахметшәріп әлеуметтік желіде өзінің жұмыстан кеткенін айтып, "Арыз жаз деді. Жаздық" деген жазба қалдырған болатын. Осы жазба туралы вице-министр Ажар Ғинаятқызы пікір білдірді.
"Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігінің өзінде емес, министрлікке қарасты мекемеде жұмыс істеген. Сол мекеменің ақпараты бойынша Диас Ахметшәріп қызметінен өз еркімен кеткен", – деді ведомство өкілі.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу