Министрліктің бұйрығымен бекітілген хирургиялық (іш, кеуде, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастырудың стандарты "Халық денсаулығы туралы" Кодекске сәйкес медициналық көмектің шарттарына, нысандарына сәйкес баяндалған, деп жазады inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа стандартта штат саны, хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, стационарлық жағдайларда хирургиялық көмек көрсетуді аймақтандыру көзделген.
Ақпаратқа сәйкес, құжатта сарғаю және іш қуысының сұйықтық жинақтарының дренажы кезінде жекелеген ауыр жағдайларда мамандандырылған хирургиялық көмек орталықтарын ұйымдастыру туралы да айтылған.