ДСМ: Індет ушықса да, емханалар жұмысын тоқтатпайды

750

Барлық емханада шұғыл науқастарды қабылдауға арналған сүзгі-есіктер дайындалған. 

ДСМ: Індет ушықса да, емханалар жұмысын тоқтатпайды

Коронавирустың кезекті толқыны келіп, індет ушықса да, емханалар жаздағыдай жұмысын тоқтатпайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғинаят айтты. 

"Ауру ушықса да, емханалар толыққанды жұмыс істейтін болады. Олардың жұмысы тоқтатылмайды. Барлық санитарлық талап сақталатын болады. Барлық емханаға науқастар тек алдын ала жазылу арқылы келеді. Ал шұғыл ауырып қалған адамдар арнайы жасалған сүзгі-кабинеттер арқылы басқа есіктен кіргізілетін болады. Бұл инфекция емхананың басқа бөлімдеріне таралып кетпеуі үшін керек", деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу