ДСМ: Қазақстан қиын кезеңнен өтті

1146

Қауіптің сейілгенін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді.  

ДСМ: Қазақстан қиын кезеңнен өтті

Дегенмен Қазақстан қиын кезеңнен өтті, деп хабарлайды Atameken Business.

Бағдат Қожахметовтың айтуынша, коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылған. Шілде айының басынан бері ауруханалардағы орындар 60 пайызға босады. Оның ішінде жансақтау сақтау бөлімінде жатқандар 58 пайызға азайған. Жедел жәрдемге хабарласу да айтарлықтай сиреген. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастардың саны бүгінде 73 пайызға өскен.

15 тамыздан бастап коронавирустың екінші толқынына қарсы екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры әзірленеді.  Стационарларда 200 мың науқасты емдеуге жетін дәрінің 50 түрі болмақ. Коронавирус және аталған вирусқа ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын-ала бір айлық қорға есептелген препараттар сатып алынған. Қазір осы жұмысқа жауапты бірыңғай дистрибьютор жалпы құны 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті өңірлерге жөнелтті. Бұл - орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Ал коронавирус індетінің үшінші толқыны келген жағдайда, үйде емделетін адамдарды тегін дәрі-дірмекпен қамту үшін 5 түрлі дәрі сатып алу жұмыстары аяқталуға жақын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу