"1 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша зорлық-зомбылық жағдайларын тіркеуге арналған пилоттық жұмыс басталды. Біз денсаулыққа зиян келтіру фактілерінің барлығын тіркейміз. Ол жерде біз тек тұрмыстық зорлық-зомбылық емес, барлық зорлық-зомбылық жағдайларын бақылайтын боламыз", – деді министр баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, дәрігерлер бұған дейін статистикалық мәліметтер бойынша тиісті бланкілерді толтырып, тәртіп сақшыларына тапсыру бойынша оқытылған.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу