ДСМ коронавирус ауыр тиетін науқастар тобын атады

599

Артериялық гипертензия, жүректің ищемиялық аурулары, қант диабеті, семіздік сырқатымен есепте тұрғандар стационарда емделетін болады.

ДСМ коронавирус ауыр тиетін науқастар тобын атады

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусті көтере алмайтын аурулардың тобын атады.

"Өлім-жітім бойынша халыққа айтып кеткім келеді. Індеттен қайтыс болған адамдардың медициналық құжаттарын сараптап қарағанда, көз жұмғандардың 90 пайызына дейін артериялық гипертензиямен, жүректің ищемиялық ауруларымен ауратындар немесе қант диабетіне, семіздікке шалдыққандар болып шығып отыр. Сондықтан созылмалы диспансерлік есепте тұрған ауруларымызды ескертіп, емханаларға нұсқау бердік. Осы топтағы адамдар ауырып емханаға қаралған күннен бастап дер кезінде жатқызып, дертті асқындырып алмай емдеген жөн. Адамдардың эпидемиологиялық анамнезінде науқастардың көбі көпшілік шараларға барғаны белгілі болып жатыр. Дәрігерлер науқас адам жиынға барса, шараға қатысқан халықтың 90 пайызы ауру жұқтырып, соның ішінде 20 пайызы ауыр жағдаймен ауруханаға түсетінін айтып отыр. Сондықтан дәрігерлердің атынан  жиын-той, өлім жітімге бармай көңілді телефон арқылы айтуларыңызды сұраймыз", - деді министрлік өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу